Базалық ставка жыл соңына дейін 16,5% немесе бұдан да қатаң болуы мүмкін – Сүлейменов

Қазақстанда базалық мөлшерлеме осы жылдың соңына дейін 16,5 пайыз деңгейінде сақталуы не көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сүлейменов ақша-несие саясатының қатаңдауы және Ұлттық банктің 2022 жылы инфляция ең жоғары деңгейге – 21%-дан асып кеткенде базалық мөлшерлемені көтеруі өз нәтижесін бергенін атап өтті. Осы шаралардың арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,5-8,4% дейін төмендеген.
«Яғни, базалық мөлшерлеме айтарлықтай тиімді жұмыс істейді. Әрине, оның әсері бірден білінбейді, бұл белгілі бір уақытты қажет ететін құрал, бірақ оның әсері көрініп жатыр. Инфляция динамикасы айқын. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Базалық ставка 16,5% деңгейінде қанша уақыт сақталады деген сұраққа келсек, мұны нақты айту қиын. Қазіргі болжамға сәйкес, базалық мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін осы деңгейде сақталады деп күтілуде. Әрине, бұл тек болжам, еліміздің ішкі экономикасында да, сыртқы факторларда да түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ базалық мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін осы деңгейде сақталады немесе қатаң болады деп болжанып отыр», — деді Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте.
Айта кетері, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды.