Главное

«Саған еш қатысы жоқ»: Баян Алагөзованың тұңғыш қызы суррогат жолмен туған сіңлілері туралы сұрады (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзованың алғашқы некесінен туған үлкен қызы Айсәуле Бақытбек анасынан суррогат жолмен дүниеге келген сіңлілері туралы сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айсәуле Бақытбек анасымен құрған сұхбатында суррогат жолмен дүниеге келген кішкентай сіңлілері жайлы ой қозғады.

«Балалар Тұрсын ағадан, бірақ саған ешқандай қатысы жоқ емес пе?! Бұл қалай сонда? Осыны түсіндіріп бере аласың ба?» — деп Айсәуле Бақытбек анасынан сұрайды.

Продюсер бұл сұраққа жауап бере отырып, 40 жастан жоғары әйелдерге бала туу қиын екенін айтып өтті.

«Биологиялық ата-аналары деген түсінік бар. Яғни әйел адамнан биологиялық аналық жасушасы, ер адамнан спермотозоид алып біріктіреді. Ер адамда еш қиындық жоқ. 5 минутта-ақ бітеді. Ал әйел адамды дайындау керек. Әйел адам үшін 35 жасқа дейін болса, ешқандай проблема жоқ. Ол адамның табиғи жолы. Ал 40 жастан жоғары процедура ауыр, ұзақ болып келеді», — дейді Баян Алагөзова.

Айта кетейік, Тұрсын Алагөзов пен Баян Алагөзованың суррогат жолмен өмірге келген Алиса және Алма есімді екі кішкентай қызы бар.

Другие новости

Back to top button