Выбор редакции

«Ресей мен Украина соғысы 8 жылға созылуы мүмкін»: оның үш негізгі себебі аталды

Қазақстандық саясаттанушы Марат Шибұтов Ресей мен Украина арасындағы соғыс алдағы жылдары да жалғасуы мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шибұтов Ыстамбұлда өтуі тиіс бейбіт келіссөздерге Украина ұсынған талаптарды зерттеген. Оның айтуынша, Мәскеу бұл ұсыныстардың үшеуімен келіспейді. Осы талаптар соғыстың ұзаққа созылуына – тіпті 8 жылға дейін жалғасуына себеп болуы мүмкін.

КЕЛІСПЕЙТІН ТАРМАҚТАР

Киев бейтарап мәртебеге мәжбүр болмауы тиіс. Украина өз еркімен Еуроатлантикалық қауымдастықтың мүшесі болу не болмау жолын таңдауға құқылы. Сонымен қатар, Украина Қарулы күштерінің санына, орналасуына немесе басқа да сипаттамаларына қатысты ешқандай шектеу қойылмауы керек. Достас шет мемлекеттердің әскерлерін Украина аумағында орналастыруға да тыйым салынбауы қажет. Ресейдің бұғатталған активтері Украинаны қалпына келтіруге бағытталуы немесе Киевке өтемақы төленгенге дейін бұғатталған күйінде қалуы керек.

– Бұл Ресей үшін мүлде қолайсыз, сондықтан келіссөздер ешқандай нәтиже бермейді. Бұдан әрі қақтығыс жалғасып, жағдай ушығуы мүмкін. Естеріңізде болса, Иран мен Ирак 8 жыл соғысты – дәл сондай мерзімге бағдарлануға тура келеді. Сонымен қатар, Украинаның Ресейдің стратегиялық авиациясына жасаған шабуылы Мәскеудің келіссөздердегі ұстанымын жұмсартпай, керісінше қатаңдата түседі. Бәлкім бұл шабуыл келіссөздер басталар қарсаңында әдейі ұйымдастырылған болар. Яғни, Ыстамбұлдағы кездесу нәтижесіз аяқталады. Еуропа елдері мен АҚШ-тың келіссөздерге қатысуы тек оның бұзылуына әкеледі, – деп санайды Шибұтов.

КЕЗДЕСУ

Еске салайық, 2 маусымда Ресей мен Украина арасындағы Ыстамбұлдағы келіссөздер аяқталған болатын.

Другие новости

Back to top button