Главное
Германия Украинаға 5 млрд еуро көлемінде жаңа әскери көмек көрсетеді

Германия Украинаға 5 миллиард еуро көлемінде жаңа әскери көмек көрсетуге келісім берді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Берлинде Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус пен Украина қорғаныс министрі Рустем Умеров ұзақ қашықтыққа арналған қару-жарақ жеткізуге бағытталған жаңа келісімге қол қойды. Бұл келісім Украина өндірісіндегі әскери жабдықтарды қаржыландыруды қарастырады.
Аталған көмек Германия Бундестагы бұрын мақұлдаған қорлар есебінен жүзеге асады. Қаржыландыру шеңберінде неміс әскери өнеркәсібі мен Украина арасында қосымша келісімшарт жасалған.
Германия:
- Украина өндірісіндегі қару-жараққа тікелей инвестиция салуға міндеттелді;
- Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне (ПВО) арналған оқ-дәрілерді жеткізуді жалғастырады;
- Украинада әскери техникаларды жөндеу орталықтарын қаржыландырады;
- Украинада өндірілген медициналық құрал-жабдықтарға қолдау көрсетеді;
Сарапшылардың пікірінше, Германияның бұл қадамы — Украина Қарулы күштерінің техникалық және логистикалық әлеуетін ұзақ мерзімді негізде қолдауға бағытталған нақты қадам.