Главное

Шерзат өлімі: сотталушылардың күліп бара жатқан видеосын кім таратқаны белгілі болды

Жуырда әлеуметтік желіде Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотталып жатқан жігіттердің сот залынан күліп шығып бара жатқаны түсіп қалған видео тарап, қызметтік тексеріс басталған болатын. Бүгін іске төрағалық етіп жатқан судья Ержан Жанұзақов тексеріс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы қылмыстық іс бойынша 29 сәуірде өткен тікелей эфирден кейін интернетте таралған күдіктілердің видеосы туралы жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижесін жариялаймын. Қызметтік тексеріс барысында техникалық қызметкерлердің трансляцияны уақытылы тоқтатпағаны, соның салдарынан күдіктілердің видеосы эфирге шыққаны анықталды. Осыған байланысты техникалық қызметкерлер Рустем Муксинов, Нәзира Оразалиева және Сәуле Кайдағұлова тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп мәлімдеді судья.

Осыдан кейін Ержан Жанұзақов кеше әлеуметтік желіде сот отырысына байланысты аудиожазба таралуына байланысты жеке қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне шықты.

Другие новости

Back to top button