Головкин қарапайымдылығымен жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Кәсіпқой боксшы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин көшеде кетіп бара жатқан балалармен суретке түсіп, жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әлеуметтік желіде таралды. Оған назар аударсақ, Головкин көшеде кетіп бара жатқан балалардың басынан «GGG» жазуы бар бас киімді көріп қалып, дереу тоқтайды.
«Кепкаң әдемі екен, қайдан алдың?» — деп сұрайды боксшы.
Бозбалалар көлікте отырған әйгілі боксшы Геннадий Головкин екенін түсініп, бірден жетіп келіп, суретке түспек болады.
«Қазір, тоқтай тұрыңдар, мен шығып алайын», — деп Головкин көлігінен түсіп, жасөспірімдермен суретке түседі.
Боксшының бұл әрекеті желі қолданушылары тарапынан оң бағаға ие болып, жылы лебіздерін білдірді.
«GGG красавчик. Кәдімгідей, қарапайым, әнгімелесіп жатыр. Үлгі алыңдар», «Осындай қарапайымдық бізге жетіспейді», «Гена, біз сені жақсы көреміз», «Бүкіл әлемді бағындырды, бірақ қарапайым», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин құрметті доктор атағын алғаны хабарланған болатын.