Главное

«Дүкенге бармаймын»: Ұлттық банк төрағасының орынбасары азық-түлік қанша тұратынын білмейді

Қазақстан ұлттық банкінің төраға орынбасары, бұрынғы қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Қазақстанда азық-түлік қанша тұратынын білмейтінін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ulysmedia тілшісі Шолпанқұловқа тиісті сұрақ қойып, оның елдің қаржылық құрылымындағы жоғары лауазымды тұлға екенін атап өтті. Ұлттық банк төрағасының орынбасары азық-түліктің бағасы туралы сұраққа жауап бере алмайтынын, себебі бұл іспен отбасында әйелі айналысатынын айтты. Ол тіпті сатып алуға қанша ақша бөлетінін де нақты айта алмады.

– Айта алмаймын. Үй шаруасымен жұбайым айналысады. Мен дүкенге бармаймын. Азық-түлікті жұбайым алады, оның қолында менің картамның көшірмесі бар. Тіпті бақыламаймын, – деп жауап берді Шолпанқұлов.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ

Айта кетейік, бұған дейін сәуір айында Қазақстандағы инфляция 10,7%-ды құрағаны белгілі болған.

Другие новости

Back to top button