Главное

«Менен басқасының бәрі алған сияқты»: әнші Әміре атақ бұйырмағанына қапаланды

Жас әнші Әлішер Кәрімов «Қазақстанның Халық әртісі» атағын алғаннан бері шоу-бизнесте шу басталды: бірі оны бұл атаққа лайық десе, енді бірі Әлішер Кәрімов бұндай жоғары марапат алатындай еңбегі сіңген жоқ дейді. Оның замандасы, «Әміре» лақап атымен танымал Ернар Садырбаев 30 жасқа дейін кем дегенде «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алғысы келіпті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, ол ең маңызды деген барлық конкурстарға барып, төбе көрсетіп жүр.

«Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын», — деп жазған ол.

Айта кетейік, біз қазақ өнерінде әлі «Халық әртісі» атағын алмаған бес адам туралы жазған едік.

 

Другие новости

Back to top button