Главное

Қазақстанда орташа зейнетақы бір айда 100 теңгеге азайған

2025 жылдың басынан бері қазақстандық зейнеткерлерге 1,4 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың басынан 1 мамырға дейін республикалық бюджеттен жалпы 1 трлн 394,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде:

  • 450,8 млрд теңге – базалық зейнетақыға,
  • 943,4 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға жұмсалған.

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР САНЫ

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 471 мың зейнеткер тіркелген.

ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ

1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақының орташа жиынтық мөлшері – 143 400 теңге. Оның ішінде:

Ынтымақты зейнетақы – 95 784 теңге,

Базалық зейнетақы – 47 616 теңге.

Ал өткен айда орташа зейнетақы 143 800 теңге болған.

Сондай-ақ биылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 65%-дан 70%-ға дейін арттырылып, 32 360 теңгені құрады. Ал ең жоғары мөлшері 105%-дан 110%-ға дейін өсіп, 50 851 теңге болды.

Другие новости

Back to top button