Госорганы

Мектеп оқушылары қыркүйектен бастап жаңа мәзір бойынша тамақтанады

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде дұрыс тамақтану туралы халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген Тамақтанудың жаңа стандарты және көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзір енгізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа мәзір не үшін қажет

Министрдің айтуынша, тамақтанудың жаңа стандарты дұрыс тамақтануға бағытталған. Дәлірек айтқанда семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары мен басқа да аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қантты 3,6 есеге, тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді.

«Бұл норма инфекциялық емес ауруларды, атап айтқанда, балалардағы семіздікті 15%-ға дейін, қант диабетін 20%-ға дейін, артериялық гипертензияны 18%-ға дейін және басқа да созылмалы ауруларды 15%-ға дейін азайтуға ықпал етеді», — деді Әлназарова Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Тамақтану стандартында ас блоктары жоқ шағын жинақталған мектептер үшін мәзір көзделген. Алғаш рет мектеп тағамына қанағаттану деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін Жеуге жарамсыздық индексі (тәрелкедегі тамақ қалдықтары) ұғымы енгізіліп отыр.

Министр тамақтанудың жаңа стандарты мектептер мен балабақшаларда қолданылатынын атап өтті.

Другие новости

Back to top button