Главное

Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу басталды: негізгі ерекшеліктер мен кезеңдер

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай биыл президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттік жастар кадр резерві деген не?

Агенттік төрағасы атап өткендей, Президенттік жастар кадр резерві — бұл дарынды, бастамашыл және кәсіби жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған стратегиялық жоба. Мемлекет басшысы бұл бастаманың елдегі түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген мамандарды мемлекеттік қызметке тартуда маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын.

Іріктеуге қызығатындар көп

2019, 2021 және 2023 жылдары өткен алдыңғы іріктеулерге 60 мыңнан астам адам қызығушылық танытқан. Нәтижесінде 400 адам резервке қабылданды, олардың 318-і бүгінде жауапты мемлекеттік және корпоративтік лауазымдарда еңбек етуде:

  • 167 – орталық мемлекеттік органдарда
  • 37 – жергілікті атқарушы органдарда
  • 62 – ұлттық компанияларда
  • 52 – басқа да ұйымдарда
  • 39 – саяси лауазымда
  • 3 – «А» корпусында
  • 2 – Мәжіліс депутаты
  • 1 – мәслихат депутаты

Биылғы іріктеудің басты ерекшелігі

Дархан Жазықбайдың айтуынша, 2025 жылғы іріктеу салалық теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталады. Әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу жүреді.

Другие новости

Back to top button