Главное
Үкімет Түркістан мен Жамбылдағы шегірткелерді құрту үшін бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлді

Үкімет Түркістан облысы мен Жамбыл облысындағы шегірткелермен күресу үшін республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында белгілі болды. Дереккөзге сүйенсек, премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір шегірткелер 2,1 млн гектар аумаққа таралған.
«Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді. Шегірткемен күресу үшін 443 техника мен 4 625 адам тартылады. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында 396,6 мың гектар жерді шегірткеден тазарту керек», — деп хабарлайды үкімет.