Главное
«Анасына ұқсайды»: Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидыру үшін ерекше датаны таңдаған

Эстрада әншісі Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов жақында сүйіктісіне ұсыныс жасаған еді. Ал, мешіттегі неке қидыру рәсімі үшг жастар ерекше датаны таңдаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Олжас Еспанов өзінің Instagram парақшасында қуанышты жаңалығын жария етіп, суреттерін жария еткен.
«Некемізді Ерлан Ақатаев ұстаз қиды. Қайырлы, берекелі неке болғай!», – деп жазды Олжас.
Желі оқырмандары жас жұбайларға жүрекжарды тілектерін жаудырып, оларға бақыт тілеген. Сонымен қатар, көпшілік олардың түрлерінің бір-біріне ұқсайтынын атап өткен.
«Құтты болсын!», «Бақытты болыңдар!», «Түрлерің ұқсайды екен», «Қадамдарыңызға гүл бітсін! Анасына ұқсайтын сияқты»,- деп жазды қолданушылар.