Госорганы
Дәрігерлердің қателігінен денсаулығына зиян тиген қазақстандықтар 35 млн теңге төлем алған

2024 жылдың қазанынан бері Қазақстанда дәрігерлердің де, науқастардың да құқығын қорғайтын сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Соның негізінде дәрігерлердің қателігінен денсаулығына зиян келген қазақстандықтар 35 млн теңге көлемінде төлем алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтты.
Оның айтуынша, бұл жүйеге негізі 14 компания тіркелген.
«Пул басталғаннан бері 1 620 келісімшарт жасалды. 186 мың дәрігер өз-өзін сақтандырды. Сақтандыру жүйесіндегі сыйақы 979 млн теңге болды. Жарты жыл ішінде дәрігерлердің қателігінен денсаулығына зиян тиген қазақстандықтар 35 млн теңге алған», — деп хабарлады ол бүгін ОКҚ-де өткен брифингте.