Главное

2024 жылы Қазақстаннан қанша адам кетіп қалған

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны артқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАЛЫҚ САНЫ

2025 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, Қазақстан халқының жалпы саны 20,2 миллион адамнан асты. Оның ішінде 12,7 миллионнан астамы қалаларда, ал 7,5 миллионнан көбі ауылдық жерлерде тұрады.

ӨЛІМ-ЖІТІМ СТАТИСТИКАСЫ

2024 жылы елде 368 670 бала дүниеге келген. Оның 190 213-і – ұл, 178 457-сі – қыз. Туудың ең жоғары көрсеткіші Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген. Бұл өңірлер халық санының артуы жағынан үнемі көш бастап келеді.

Сол жылы қайтыс болғандар саны – 133 592 адам. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды. Бюро өкілдерінің түсіндіруінше, бұл көрсеткіш осы аймақтардағы халықтың қартаюымен, яғни егде жастағы адамдардың үлесінің көп болуымен байланысты.

ҮЙЛЕНУ МЕН АЖЫРАСУ

2024 жылы елде 123 мыңнан астам неке тіркелсе, 40 мыңнан аса жұп ажырасқан. Бұл көрсеткіштер қоғамдағы әлеуметтік үрдістердің тұрақтылығын аңғартады.

КӨШІ-ҚОН

Өткен жылы Қазақстанға 29 948 адам көшіп келген, ал елден 12 784 адам кетіп қалған. Осылайша, көші-қон сальдосы (бұл елге көшіп келген адамдардың саны мен елден кеткен адамдардың санының арасындағы айырмашылық) 17 164 адам болды.

Другие новости

Back to top button