Аида Балаева аноним телеграм арналарға «соғыс» ашты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды «жалған ақпарат, арандату мен манипуляция ошағы» деп атады., деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Министрдің айтуынша, ведомство мұндай арналарды бұғаттау үшін нақты шаралар қабылдайды.
– Анонимді телеграм-арналар бүгінде жалған ақпарат, манипуляция мен арандатудың ошағына айналды. Олар халықтың көңіл-күйіне анық әсер етеді. Бұл жағдайға көз жұмып қарау мүмкін емес екенін мойындауымыз керек. Министрлік алдында тұрған міндет – ондай арналарды анықтап, бұғаттауға қол жеткізу, – деді Аида Балаева.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін прокурорлар экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер суицидін және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін насихаттауды таратқан топтарын анықтап, бұғаттаған болатын.
«PANIC PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ жыныстық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған.