Главное

Шымкентте оққа ұшыраған Берденов отадан кейін есін жинады: жағдайы әлі де ауыр

Шымкентте оққа ұшыраған қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадағы жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы Руслан Берденовтің жағдайына қатысты агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Ауруханада науқасқа шұғыл операция жасалған. Операция барысында қан кету тоқтап, жарақаттанудан болған зақым қалпына келді. Алған жарақатына байланысты ота жасау уақыты ұзаққа созылды. Өміріне қауіп жоқ. Қазір науқас есін жиды. Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр», — делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Еске салайық, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке ота жасалып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.

Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Кейін оқиға орнында түсірілген видео жарияланды.

Другие новости

Back to top button