Главное

Масылдар көбейеді – Әділет министрлігі елде Алимент қорын құрғысы келмейді

Кәмелет жасына толмаған балаларға алимент төлеуге арналған мемлекеттік қор құру туралы Мәжіліс депутаттарының ұсынысына Әділет министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары мәжбүрлеп орындату саласындағы қордаланған мәселелерді шешу үшін уәкілетті органдарға бірқатар ұсыныс жолдаған. Соның ішінде ең негізгі ұсыныстардың бірі – ата-анасы алимент төлеуден жалтарған кәмелетке толмаған балаларға мемлекет есебінен алимент төлеуді қамтамасыз ететін арнайы қор құру мәселесін қарастыру болған.

Алайда Әділет министрлігі мұндай қор құруды қажетсіз деп санайды.

Министрлік бұл мәселені мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қарастырды. Әзірге мұндай қорды құру әлі ерте. Бұл бюджетке қосымша салмақ салып, азаматтардың санасына «міндеттемені мемлекетке арта салуға болады» деген түсінікті сіңіреді. Адамдар некеге өз еркімен тұрады, тиісінше жауапкершілікті де мойнына алуы тиіс. Балалы болу — ең алдымен, міндеттемені білдіретінін түсінуі керек, — деді Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Бұған дейін Әділет министрлігі алимент төлеуден жалтарушылардың ішінде ерлер мен әйелдердің саны туралы да мәлімет берген болатын.

Другие новости

Back to top button