Главное

Шерзаттың әжесі судьяға: сотталушыларға жаза кесесіз бе, қорғап қаласыз ба – сіздің ар-намысыңызда

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова өлім болған түні көргенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘЖЕСІ НЕ ДЕЙДІ

Шерзатқа қарап бәрі жүгіріп кетті. Сол кезде алдынан шыққан мені де қағып жіберді. Орнымнан тұра алмай жатырмын, бірақ балаларыма қарасам, Шерзатқа бәрі қол көтерді. Қол көтермеген, аяғымен теппеген бірде-бір адам қалған жоқ. Менің баламның сондайлық сабалатындай не істеп қойғанын осы күнге дейін түсіне алмаймын. 16 жаста ғана. Бұлардың өздерінің ар-намыстары соған барып, соны өлтіргеніне таңғалам. Бір шапалақ ұрса бірсәрі. Кешірім сұрауға келіп едім. Менің балам түнде жүретін бала емес. Үйде жатқан бала зарядка алуға барған. Сол аралығында Қытайға оқитын бала Қытайға кететін болып, әкесіне сусын аламыз, зарядканы алуға барам деген бала. Ол түнде қаңғып жүретін бала емес. Ол әкесінің жауапкершілігінде болмағандықтан, түнде жүргізбейтін едім. Әже-ау, әже-ау деп кетті балам. Оны өлтіру үшін барғандары анық болып тұр. Неге десеңіздер, дайындалып үш көлікпен келген, – деді ол.

Анасына ұлы Қарбаужай “16 жастағы сотталушының өміріне балта шаппайық, кешірім берейік” деген (сотталушы Ысқақ жайлы).

Менің балам да, мен де бәрін де кешірдік. Алла кешірсін бұларды. Тек Алладан кешірім сұрасын. Бір Аллаға тапсырып қойдым. Судья сіз, ақиқатымен осыларға нақты жылын кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба, жақтап қаласыз ба – ар-намысыңызға берілген дүние. Мен тек Аллаға сендім. Өмірде “Құдайдан тап” деген қарғыстан артық қарғыс жоқ дейді. Себебі қайтіп табатынын бір Алла біледі. Бәрін бір құдайға тапсырдым. Ата-аналар да артымыздан шұқынып сөйлеп отыр. Бірақ мен сабырлыққа салып шыдап отырмын. Бір Алла шешсін, – деді Жұмабике Қадырова.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Другие новости

Back to top button