Тізімге 22 мыңнан астам адам өтпей қалған: «Наурыз» бағдарламасының сыйақысын қолдан көтеруге бола ма

Соңғы екі жылда «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталды. Биыл бағдарламаға 34 745 қазақстандық қатысып, оның 12 мыңы баспана алу тізіміне ілікті. Ал 22 745 адам бұл мүмкіндікке ие бола алмады.Осыған байланысты, Azattyq Rýhy тілшісі бағдарлама бойынша сыйақы қалай тағайындалатынын білу үшін «Отбасы банкіне» ресми хат жолдаған еді.
«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына 2024 жылы өткен қазақстандықтардың ең төменгі ұпайы 67,51 балл болған. 2025 жылы бұл баллдың ең көбі 1400, ең теменгісі 104 балл болды. Талап бойынша сыйақы мөлшері 1000 теңгеге 1 балл болу керек.
Сонымен биыл көшті бастаған адам 1421,29 балл жинаған. Ең алдымен мұндай балл шыққанын түсіндірмес бұрын, банктен қызметкерлерінің адалдығына қатысты сұрақ жолдадық. Банк бұл тізімді автоматты жүйе жасап шығады дейді.
«Банк қызметкерлер мен банк кеңесшілеріне сыйақы үшін қызмет көрсетуге тыйым салады. Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарына сыйақы айдың соңында банктің автоматтандырылған банк жүйесінде автоматты түрде есептеледі және 31 желтоқсанда жинақ шоттарына капиталдандырылады. Банк қызметкерлері сыйақы мөлшерін қолдан өзгерте алмайды. Саралауға тек «Наурыз» бағдарламасына қатысуға жолданған өтініштер ғана түсетінін, бұл үрдіс автоматты түрде болатынын ескерген жөн. Отбасы банк мына балл ең жоғары немесе ең төмен болады деп белгілемейді — бұл тапсырманы автоматты жүйе орындайды», — деп жазды «Отбасы банк».
Тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы келісімшарт бойынша Отбасы банкіндегі депозиттерге түсетін сыйақы айына 30 күн және жылына 360 күн есебінен есептеледі. Яғни сыйақы қаражаттың салымда жатқан әрбір күніне есептеледі. Сондай-ақ банктің сыйақысы капиталдандырылады, яки есептелген сыйақыға да сыйақы қосылып отырады екен.
Мысалы, сыйақы бойынша 1000 балл жинау үшін Отбасы банкіндегі депозитте 1 млн теңге жинау қажет, 500 балл 500 мың теңге сыйақы үшін, 200 балл — 200 мың теңге сыйақы үшін есептеледі. Сыйақы мөлшері өз кезегінде депозитті толтырудың мөлшері мен жиілігіне (белсенділігіне), сондай-ақ жинақ шотының қолданылу мерзіміне байланысты. Салымшы Отбасы банкінде депозитті неғұрлым ерте ашып, оны неғұрлым жиі және көп толтырса, соғұрлым ол өз депозитіне тезірек және көбірек сыйақы ала бастайды.
Салымшылар «Наурыз» бағдарламасынан өтетініне 100 пайыз сенімді болуы үшін биыл ең жоғарғы 1400 баллды мысалға алдық.
«Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың тізіміне 1000-нан астам балл жинаған үш адам ғана кірді, бұл шамамен 0,03%. Бұл ретте қатысушылардың тізіміне енгендердің басым бөлігі, яғни 8 462 адам 104,7-ден 200,03-ке дейін ұпай жинаған. Тағы 2 409 адам 200,05-тен 300-ге дейін ұпай жинап, тізімге кірген. Айта кету керек, 1400 сияқты жоғары балл аз жылдың ішінде жиналмайды, оған қол жеткізу үшін салымшы бірнеше жыл бойы, тұрақты түрде қаражат жинауы керек. «Наурыз» бағдарламасы бойынша баллдарды есептеу жүйесі бойынша 1400 балл жинауға мүмкіндік беретін депозитті жинақтау тәртібінің болжамды мысалын келтірейік. Есеп жыл сайын қаңтар айында біржолғы төлеммен депозитке 650 000 теңге аударылып отырды деген есеппен, сондай-ақ мемлекеттік сыйлықақы алдыңғы кезеңдердің АЕК мөлшерін ескере отырғанда есептелді», — деп хабарлайды «Отбасы банктің» баспасөз қызметі.
1 436 750 мөлшерінде жинақталған сыйақы 1436,7 балл алуға мүмкіндік береді.
«Наурыз» бағдарламасы бойынша байқау биыл екі мәрте өтеді. Егер де тізім бойынша өткен адамдар төлем қабілетін растай алмай, артық қаражат қалғанда биыл да конкурс қайталануы мүмкін.
«Отбасы банк қазірдің өзінде несие өтінімдерін қабылдап, тұрғын үй іздеуге және таңдауға 6 ай уақыт береді. Егер осы мерзім ішінде қатысушылар несие алуға келмесе, банк өткен жылдағыдай қосымша өтініш қабылдау мүмкіндігін қарастырады. Қатысушылардың басым бөлігі немесе 7 112 адам — 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас қазақстандықтар. Олар әдетте үйленген және балалары бар.Бағдарламаға қатысушылар пулында 25% — тұрғын үй төлемдерін алушылар, яғни әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері», — деп жауап берді олар.