Главное

Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім – депутат Мұқаев сынағандарға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Дәулет Мұқаев 2015-2016 жылдан бері тұсаукесерді тегін жасайтынын айтады.

Неше түрлі пікірлерді әрине, жазып жатады. Осы уақытқа дейін 36 жастағы әйелдің тұсауын кесті деді. Ол кісі “мен сүріншекпін, тұсауым ала жіппен кесілмеген, жай ғана ырымын жасап беріңізші” деді. Әлеуметтік желіде де көп жазып жатады. Мен оларға кішкентай баланың ғана тұсауын кесетінімді айтамын. Ал жолын жайып қойып, жібін ұстап тұрғаннан кейін мен одан бас тарта алмадым, – дейді ол.

Депутат тұсау кесетінін жария қылуын әбестік деп санамайтынын, салт деп қабылдайтынын айтады.

Екіншіден, осыны көріп өзге ұлттың азаматтары да біздің қазақтың дәстүріне сіңісіп жатқанын көремін. Осы уақытқа дейін орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім. Одан бір теріс нәрсе іздеудің қажеті жоқ. Жұмыс жұмысымен, ал мұның бәрі жұмыстан тыс демалыс уақытында жасалып жатқан әрекет, – дейді Дәулет Мұқаев.

Бұғае дейін Мұқаев Instagram-дағы парақшасында сәуір айында «оптом» тұсау кесемін деп хабарландыру берген. Мұны естіген 50 адам кезекке тұрған. Депутаттың өзі мұнша адам 12 минуттың жазылып үлгергенін сүйіншіледі.

Сондай-ақ Мұқаев оқырмандарына келесі тұсау кесу рәсімі Астанада мамырда болатынын құлаққағыс еткен.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЫН

Қазақстандық журналист Диас Нұрақын Facebook-тегі парақшасында депутатты сынап жазба жариялады.

Депутаттың деңгейін қараңыздар? Өзін қоғам қайраткері секілді сезініп жүр. Асанәлі Әшімов, Гена Головкин, Елдос Сметов сияқты танымал болса ше, шіркін?! Дәулетке тұсау кестіру дым да мәртебе емес қой. Мына бала тұсау кескені үшін қаламақы сұраса да, таңқалмаймын. Әлде әркімнің қалтасына қарай көсіліп жапқан шапанын, символикалық сыйлық деп ұсынған нан салғышын немесе ырымдап берген 5-10 теңгесін пайда ретінде көре ме? Депутат заң шығарады, елдің жайын ойлайды деп жүрсек, мынауың «тұсау кесемін» деп, атырауша айтқанда, картопты жарды ғой. Өткенде іш-киімдерін қалай қаттайтынын көрсетіп «креатив» видео салып еді. Бір ісі-бір ісінен сорақы болып барады, – деп жазды журналист.

Еске салайық, бұған дейін декретке бірнеше миллион ақшамен шығуды көздеген бірнеше әйелдің заңға тартылып жатқаны турасында ақпарат тарағалы жұрттың көбі депутат Дәулет Мұқаевқа шүйліккен еді. Мұқаевтың өзі кейінірек осыған қатысты мәлімдеме жасады.

Другие новости

Back to top button