Главное

Енді ажырасқан отбасындағы немересін көре алмай жүрген ата-әжелер органдарға өтініш бере алады

2025 жылғы 13 сәуірден бастап елімізде ата-аналар мен жақын туыстардың баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты дауларды реттейтін бірыңғай ереже күшіне енді. Бұған дейін бұл мәселелер әр өңірде қорғаншылық органдары арқылы түрлі әдіспен қарастырылып келген. Енді ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен ортақ тәртіп барлық өңірде бірдей қолданылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ата-анаға немесе жақын туыстарына – атасына, әжесіне, ағасына немесе әпкесіне баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш бере алады.

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

• жеке куәліктің көшірмесі;
• наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар;
• соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
• мекенжайын растайтын құжат.

«Біз алғаш рет осындай күрделі де сезімтал мәселелерді шешудің бірыңғай тәртібін енгізіп отырмыз. Бұл – баланың құқығы мен мүддесін қорғауға, оның жақындарымен байланысын үзбеуге бағытталған нақты қадам», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қорғаншылық органы өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарап шығады. Осы мерзімде мамандар екі тараппен жеке сөйлесіп, қажет болса тұрмыстық жағдайды зерделейді. Егер бала 10 жасқа толған болса, оның да пікірі ескеріледі.

Другие новости

Back to top button