Главное
«Ұрып-соғып, ақша жинайды»: Бейнеуде ата-аналар балаларының өмірі үшін қорқып отыр

Маңғыстау облысының Ақжігіт ауылында бір топ ата-ана Бейнеу ауданының полиция бөлімінің басшысы Еркебұлан Ізкеновке арыз жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada-ға сілтеме жасап.
Олар құқық қорғау органынан балаларына зәбір көрсететін жігіттерден құтқаруды сұрады.
Ата-аналар оқушыларды ұрып-соғып, қорқытып, ақша жинайтын, жеке жұмыстарына жұмсап, заңға қайшы әрекет етіп жүрген топтар бар екенін айтады.
«Үлкен жігіттер мектептен тыс жүйе құрып алған. Сол жүйені түп-тамырымен жойып, балаламыздың емін-еркін жүруін талап етеміз», — дейді олар.
Жақында Бейнеуде 11 сынып оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмған еді. Куәгерлер баланың зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтқан. Марқұм бозбаланың туған-туысы мотоциклден құлап қаза болды деген болжамды нұсқаға сенбей, әділдік іздеп жүр.
Ата-аналардың бас көтеруіне де осы қаралы жағдай себеп болған.