Главное

«Арқанкерген» ісі: Челахтың туыстары мәлімдеме жасады

Владислав Челахтың туыстары соңғы кездері оның ісіне қатысты жаңа шағым да, жаңа сот процесі де болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Factcheck.kz мәліметінше, 11–12 сәуір күндері Instagram желісінде “Челахқа шығарылған өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін жою сұралды” деген тақырыппен бірнеше жазба тараған.

Ол жазбаларда жоғарғы соттың кассациялық алқасы өмір бойына сотталған Владислав Челахтың шағымын қарағаны, тағы біреуінде жоғарғы сот үкімді қайта қараудан, қосымша тергеу жүргізуден және БҰҰ Комитеті мойындаған құқықбұзушылықтар үшін 30 млн теңге өтемақы төлеуден бас тартқаны жазылған.

Бұл ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбағанымен, аймақтық пабликтерде кеңінен таралып, жүздеген мың қаралым мен мыңдаған пікір жинаған.

ЕСКІ ЖАҢАЛЫҚ

Factcheck.kz зерттеуінше, бұл посттарда 2019 жылдың 22 қаңтарында жарияланған ескі жаңалық қайта жарияланған, тіпті тақырыбы да өзгеріссіз көшірілген.

2019 жылы Владислав Челахтың өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін жою туралы шағымы жоғарғы сотта қаралғанымен, қанағаттандырылмаған. Бұл – шынайы, бірақ уақыты өтіп кеткен ақпарат, ол қазіргі оқиға ретінде ұсынылып, халықты шатастырып отыр. Мұны әлеуметтік желідегі көптеген пікірлерден-ақ байқауға болады.

2025 ЖЫЛ

Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» порталында 2025 жылға қатысты Челах ісі бойынша ешқандай сот шешімі тіркелмеген. Сонымен қатар, Челахтың туыстары әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарып, соңғы уақытта жаңа шағым да, жаңа сот процесі болмағанын растады.

ЧЕЛАХ ІСІ

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы «Арқанкерген» шекара заставасындағы қырғыннан кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған бұрынғы шекарашы Владислав Челах қаңтар айының соңында ел президентіне хат жазып, 11 жыл бұрынғы оқиға жайлы айтуға дайын екенін жеткізген. Бірақ әзірге бұл факт бойынша шекара қызметіне сұраныс түспеген.

Другие новости

Back to top button