Мангистауская область

«Әдемі жерлерді араладық»: Бозжыраға барған америкалық туристер қазақ тілінде ойларын жеткізді (ВИДЕО)

Америкалық туристер Маңғыстау облысының тарихи орындарын аралап, алған әсері жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар өз сөзінде аймақтағы бірқатар тарихи орынды аралап шыққанын тілге тиек етті. Сол сияқты қазақ тілінде ойларын жеткізді.

«Біз Америкадан келдік. Қазір Ақтау қаласында жұмыс істейміз. Бүгін қаладан шығып, әдемі жерлерді араладық. Жаңа ғана Бекет ата мен Шопан ата тарихи орындарына барып келдік. Уақытымыз өте күшті өтті. Дәмді палау жедік. Осы тур өте қызық өтті.

Сол сияқты Бозжыраға бардық. Өте әдемі орындар. Бірақ аздап қорқып қалдым. Сол себепті жақын жүрген жоқпын. Көңілімізден шықты. Табиғаты, ауа райы жақсы. Мүмкіндік болса, қалмай бару керек», — дейді америкалық туристер.

Другие новости

Back to top button