Госорганы

Жалақысы жақсы қазақстандықтар көбірек салық төлейді — мәселе 33 млн теңге туралы

Қазақстанда жеке табыс салығының прогрессивті ставкасын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маңызды бастамалардың бірі – жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу.  Мәселен, жылдық табысы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын (33,4 млн теңге) қызметкерлер үшін жоғары 15% мөлшерлемені белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысқа қосымша салық салынатын тетікті құруға мүмкіндік береді», — деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістерге 10%  корпоративтік табыс салығын салу норма көзделген. Жұманғариннің айтуынша, қазір олар салықтан босатылған.

Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілері шығарған бағалы қағаздар бойынша кірістерге салық салу ұсынылады.

«Бұл ретте экономиканың нақты секторын қолдау және инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту үшін «Бәйтерек» холдингі шығарған бағалы қағаздардан түсетін кірістерді 2030 жылға дейін салық салудан босату ұсынылады. Бұл экономикаға жыл сайын 10 трлн теңге қаражат салуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Другие новости

Back to top button