Қазақстанда жыл басынан бері 500 млрд теңге мемлекеттік қазынаға қайтарылған
Бұл ақпаратпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік бөлісті.
Құзырлы ведомство атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында табысты ұлтты қалыптастырудың маңызды факторларының бірі орта білім беру сапасы болып табылатынын атап өтті.
Әрбір қазақстандық оқушының оқуы және жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайы болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін барлық заңсыз алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалуы керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған активтерді қайтаруға, мемлекетке және Қазақстан халқына келтірілген залалды өтеуге ерекше көңіл бөледі.
2022 жылдың 8 айында шамамен 500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қаражатын қайтару қамтамасыз етілді.