Госорганы

Мемлекет бизнесін бөлшектеп, салықтан жалтарғандарды аямайды: Тоқаев тапсырма берді

Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы салықтан жалтарған кәсіпкерлер жөнінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Президенттің айтуынша, Қазақстанда түрлі салық режимі, көптеген жеңілдіктер мен преференциялар бар. Оның бәрі елімізде салық офшоры сияқты ахуал қалыптастырған. Кәсіпкерлердің екі негізгі тобы пайда болған. Олар – заңнамадағы олқылықтарды пайдаланып, салық салынатын табысын өзі үшін азайтып көрсететіндер және барлық салықты адал төлейтіндер. Кәсіпкерлердің осы екінші тобы бәсекеге төтеп бере алмай жатыр дейді Тоқаев.

Үкімет салық төлеуден жалтару үшін бизнесін бөлшектейтіндердің әрекетіне орынды назар аударды. Өкінішке қарай, мұндай жағдай жаппай белең алған. Заңнамадағы олқылықтар бизнесті бөлшектеуге жол беріп отырғанын мойындау керек. Бұл мәселеге Үкімет те, депутаттар да жете мән бермеген. Тағы да әдемі көрсеткіштерге әуестеніп кеттік: елімізде екі миллионнан астам салық төлеуші, яғни жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген деседі. Бірақ олардың қандай кәсіпорындар екеніне, қалай пайда болғанына, қанша салық төлейтініне, тіпті оны төлеп жатыр ма, жоқ па дегенге еш талдау жасалмаған. Бірақ құр кінәлаудан іс оңға баспайды, – дейді Тоқаев.

Мемлекет басшысы енді ахуалды шұғыл түзету қажеттігін айтып, Үкімет пен Парламентке заңнамаға жедел түрде тиісті түзетулерді енгізу керектігін айтты.

Другие новости

Back to top button