Госорганы

Қазақстанда «бомждарға» арналған уақытша баспана пайда болады

Қазақстанда үй-күйсіз көше кезіп жүрген қаңғыбастарға, түрмеден жазасын өтеп шыққандар мен зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша болу ұйымдары құрылады. Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі тиісті бұйрық жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Уақытша болу ұйымдары тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ адам саудасының және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған», — делінген құжатта.

Мұндай ұйымдар қалаларда халық саны 100 мың адамнан көп болған кезде құрылады. Ал елді мекендерде, аудандарда және ауыл округтерінде тұрғындар саны 50 мың және одан асқан жағдайда, жергілікті атқарушы органның шешімімен бір аудан деңгейінде уақытша болу ұйымын құруға болады.

Бұйрық он күн өткен соң күшіне енеді.

Другие новости

Back to top button