Главное
Тоқаев Дариға Тілендиеваның жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев актриса, мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорда жазды. Айта кетейік, кеше, 11 наурыз күні Дариға Тілендиева өмірден озған еді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», — деп жазды Ақорда.
Айта кетейік, Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдерге түскен.