Госорганы

Қазақстанда былтыр болған жойқын су тасқынына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалған

Былтыр еліміздің оннан астам өңірін әбігерге салған ірі табиғи апат бойынша құқық қорғау органдары 22 сотқа дейінгі өндіріс бастаған. Алайда қылмыс құрамының болмауына байланысты 13 іс жабылған. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті.

«2024 жылдың басынан бері құқық қорғау органдары су тасқынымен байланысты 22 сотқа дейінгі өндіріс бастаған. 6 іс сотқа жолданды. 3 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қылмыс құрамының болмауына байланысты 13 іс тоқтатылған», — деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Естеріңізге салайық, өткен жылы республиканың бірқатар өңірі жойқын су тасқынынан айтарлықтай зардап шекті. Мыңдаған адам баспанасыз қалып, ауыл халқы малынан айырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынын «көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат» деп атады.

Көктемгі су тасқыны биыл да қайталануы мүмкін. Жуырда еліміз бойынша 1 223 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқаны хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button