Главное

Қосылған құн салығына қатысты өзгеріс қашан күшіне енетіні белгілі болды

Қосылған құн салығы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, заң нормасындағы өзгерістер шілде айына дейін парламенттің мақұлдауынан өтуі керек.

Бәрі дұрыс болса,  шілде айына дейін парламенттен шығып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі. Ал салық кезеңі келесі жылдың наурыз айында басталады, – деді министр.

Бұған дейін Мәжілісте қосылған құн салығын 16%-ға көтеру ұсынылған. Ал денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі үшін 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме ұсынылды. Бұл Ұлттық қорға қол сала бермей, бюджет тапшылығын жоюға мүмкіндік бермек.

Другие новости

Back to top button