Мангистауская область

Маңғыстауда пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылған адамның жағдайы туралы тың мәлімет жарияланды

Маңғыстау облысында пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылған адамды дәрігерлер ауруханадан шығуға дайындап жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың қазіргі жағдайы туралы айтты.

«Жалпы жағдайы тұрақты. Науқастың ақыл-есі қалыпты және адекватты жауап береді. Өз еркімен тыныс ала алады. Гемодинамикасы тұрақты. Келесі аптада үйден шығады деген үміттеміз», — дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында пойыз басып кеткен ер адам екі аяғынан айырылғаны туралы хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button