Зайытов маңдайшалардан кирилицада жазылған атауды алып тастап, латынша жазуды ұсынды

Заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттың ұсынысын жақсы бағалады. Бірақ латын әліпбиіне көшіп үлгермегені себепті барлық атауларды латын әрпіне көшіру мүмкін болмайтынын айтты.
«Жалпы, бұл ұсынысыңыз жаман емес. Әлі латын әліпбиі жоқ. Латын әрпімен жазылған қазақ сөзін бәрі түсіне алады. Бірақ ағылшын сөздерін көп адам түсіне бермеуі мүмкін. Соны реттеп алу керек. Біз бұл мәселені талқылауға дайынбыз», – деді мминистр.
Дереккөз: .kursiv.media