Главное

Ораза — 2025: Рамазан айындағы ең қажетті дұғалар

Дұғалар қабыл болатын ай — Рамазан айы. Бұл күндері әрбір мұсылман көп дұға етуі керек. Осы тұста Рамазан айындағы ең қажетті дұғаларды ұсынамыз.

КЕШІРІМ СҰРАУ ДҰҒАСЫ

Иә, Алла! Сен – менің Раббымсың, Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. Сен мені жараттың, мен – Сенің құлыңмын. Мен күш-құдіретім жеткенше саған деген уәдемде әрі сертімде тұрамын және жасаған істерімнің жамандығынан өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Маған берген нығметтеріңді әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде күнәларды кешіретін сенен өзге ешкім жоқ.

ПЕРЗЕНТ СҰРАЙТЫН 5 ДҰҒА

  1. «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» («Фұрқан» сүресі, 74-аят)
  2. «Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сахтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).
  3. «Раббым, маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла! Анығында, сен тілекті Естушісің!» («Əли Имран» сүресі, 38-аят)
  4. «Раббым! Маған ізгілерден тарту ет!» («Саффат» сүресі, 100-аят).
  5. «Раббымыз! Бізге құлшылықтарымызды (амал, тəртіптерін) көрсетіп, күнəмізге шынайы өкініп, өзіңе бойсынуға қайтуымызды (тəубемізді) қабыл ет! Күмəнсіз, сен – Тəубені қабыл ет, ерекше Мейірімдісің» («Бақара» сүресі, 128-аят)

ЖӘРДЕМ СҰРАУ ДҰҒАСЫ

Уа Алла, менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Қатігездіктен, қорлықтан, кедейліктен өзіңе сыйынып пана сұраймын. Уа Алла қатыгездіктен, мақтаншақтықтан, пасықтықтан, сұмғадан және риядан өзіңе сыйынып пана сұраймын.

Уа Алла, менің естуімді, көруімді, минезімді және сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі қылғайсың. Менің ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен жәннәттағы бік дережені сұраймын.

Уа Алла, істерімнің қорғаушысы болхан дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің.

Уа Алла, маған көмектесе гөр. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме, мені тура жолыңа сал және тура жолыңды маған жеңіл қылғайсың.

ТҰРМЫСҚА ШЫҒУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН 2 ДҰҒА

  1. Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр! («Фұрқан» сүресі, 74-аят)
  2. Мағынасы: Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын. («Қасас» сүресі, 24-аят) Құлының тілегіне жауап қатушы (Әл-Мужииб) Алла Тағала еліміздегі әр бозбала мен бойжеткенге өз жұбын адаспай табуды, салиқалы ұрпақ сүйіп, өсіп-өнуді нәсіп етсин!

АУЫЗАШАР ДҰҒАСЫ

Ауызашар алдында армандар орындалады. Абдуллаһ ибн ‘Амрдан Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Расында, ораза ұстаушының ауызашар алдында жасаған дұғасы қайтарылмайды» (Ибн Мәжаһ 1753, әл-Хаким 1/422) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ауызын ашқан соң былай деп айтатын еді: «Шөліміз қанды, құрғаған тамырларымыз дымқылданды және Алла қаласа, сауапқа кенелдік» (Әбу Дәуд 2357, Бәйһақи 4/239)

Другие новости

Back to top button