Культура
«Клубқа бармаймын, ішімдік ішпеймін»: әнші Қуандық Рақым демалысы қалай өтетінін айтты (ВИДЕО)

Белгілі әнші Қуандық Рақым әріптесі Қарақат Әбілдинаға сұхбат бере отырып, өзінің демалысы қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің айтуынша, демалу әдісіне өнердегі әріптестері қатты таң қалатын көрінеді.
«Менің демалысыма әріптестерім, бәрі таң қалады. Мен клубқа бармаймын, кальян шекпеймін, карта ойнамаймын, ішімдік ішпеймін, темекі тартпаймын. Менің демалып, ләззат алуыма дастархан басында бауырларыммен әңгіме айтып, шай ішу жеткілікті. Таза қазақша», — дейді Қуандық Рақым.
Айта кетейік, осыған дейін әнші Қарақат Әбілдина күйеуі Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелінен туған қызы туралы сыбыс тарағаннан кейін тамағына ащы өксік тығылғаны туралы жазба жариялаған болатын.