Главное

Азғындық көбейді: 2024 жылы кәмелетке толмаған 225 бала зорлыққа ұшыраған

Бұл мәліметті Олжас Бектенов сенаторларға берген жауабында атап көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕРТЕ БАЛА ТАБУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ НЕДЕ

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес кейінгі үш жылда жылда 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында бала туу көрсеткіші 25 %-ға төмендеген (1000 жасөспірімге шаққанда ерте босану көрсеткіші 2022 жылы 3,84, 2023 жылы 3,14, 2024 жылы 2,88 құраған).

Еркек пен әйел арасындағы еркін қарым-қатынас туралы ақпараттың әлеуметтік желілерде ашық көрсетілуі, жүктіліктің салдары туралы жасөспірімдер білімінің таяздығы, отбасылардағы тәрбиенің жеткіліксіздігі, сондай-ақ қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылық кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа ерте түсуінің негізгі себептері саналады, – делінген жауапта.

Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, 2024 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекетінің 225 фактісі тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,7 %-ға көп (219), оның ішінде сексуалдық сипаттағы 215, (237 жылы – 217), жасөспірімдерге қатысты азғындықтың 99 фактісі тіркелген (2023 жылы – 106).

Сондай-ақ ересектер тарапынан, соның ішінде әлеуметтік желілерде, баланың виртуалды өмірін бақылаудың жеткіліксіздігі кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуының бір себебі, – делінген жауапта.

ҚАНДАЙ ШАРА ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Үкімет басшысының жауабында осындай жайттардың алдын алу шаралары жайында жазылған. Бектеновтің сөзінше, «Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі» халықаралық әлеуметтік зерттеуінің нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан 1201 баланың 7,1 %-ы соңғы жылы сексуалдық сипаттағы хабарлама алғанын, балалардың 3 %-ы сексуалдық сипаттағы фотосуреттері мен бейнежазбалары үшін өздеріне ақша немесе сыйлық ұсынылғанын, 1,8 %-ы сексуалдық қатынасқа түсу мақсатында өзгелердің қорқытқанын немесе бопсалағанын, қыздардың 10,1 %-ы онлайн таныстарымен жеке кездескенін көрсеткен. Биылғы жылдың басынан бері мазмұны құқыққа қайшы келетін 5 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, олардың ішінде 600-ден астамы порнографияны тарату бойынша екені тіркелген. Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кибернадзор» ақпараттық жүйесінің жұмысы шеңберінде оларды бұғаттаған.

Өңірлердегі жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психологиялық көмек көрсету мақсатында 103 жастар денсаулығы орталығында 700 маман (гинекологтар, урологтар, дерматологтар, терапевттер, педиатрлар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер, медбикелер және басқалар) тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Денсаулық сақтау министрлігі ЖДО қызметіне тоқсан сайын талдау жүргізіп тұрады, соның негізінде ДДҰ сарапшыларын тарту арқылы 2025 – 2026 жылдарға арналған жастар денсаулығы орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жол картасы1 әзірленіп, іске асырылуда, онда ЖДО-да психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты әзірлеуге, ЖДО-ға қойылатын талаптарды қайта қарау, ЖДО қызмет көрсетуінің қолжетімділігін жақсарту бойынша нақты шаралар көзделген. Репродуктивтік денсаулық аспектілерін қоса алғанда, салауатты өмір салты дағдыларын дамыту жөніндегі іс-шаралар «Біртұтас тәрбие»2 бағдарламасының «Өмірге салауатты қадам»3 жобасы аясындада іске асырылуда, – делінген жауапта.

Бектенов бірнеше пәнді оқытқан кезде жасөспірімдердің адамгершілік-жыныстық дамуы, соның ішінде репродуктивті денсаулық және жеке қауіпсіздік мәселелері типтік оқу бағдарламаларына сәйкес оқытылатынын атап өтеді.

Другие новости

Back to top button