Жетысуская область

Талдықорғанда қараусыз қалған екі бала бесінші қабаттан құлап кете жаздады (ВИДЕО)

Талдықорғанда қараусыз қалған екі кішкентай бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Halyqstan Telegram каналында жарияланды. Бесінші қабаттағы пәтерде екі кішкентай бүлдіршін қараусыз қалып, біреуі терезенің сыртқы жағына шығып кеткен.

Оқиғаның куәгерлері дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабар беріп, қайғылы оқиғаның алдын алуға тырысқан. Олар ақ жайма жайып, бүлдіршін құлап кеткен жағдайда жерде қағып алмақ болды.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жетті. Куәгерлердің айтуынша, пәтер есігін үй иесі ашқан, содан кейін Апаттар медицинасы орталығының мамандары терезенің сыртында тұрған баланы аман-есен құтқарып алған. Екінші бала пәтердің ішінде болған. Қорқынышты оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Другие новости

Back to top button