Культура
Құранды репше оқыған қыз тағы да діни тақырыпты қозғап, видео түсірді

Құран сүресін репше оқып басы дауға қалған блогер Жұлдыз Жауынбаева діни жоралғы туралы видеоролик түсіріп тағы да желіні шулатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рамазан айында ораза тұтқандар туралы сарказмға толы видео көпшіліктің ашуына тиген. Олар дінмен ойнауға болмайды деген пікір білдіріп жатыр. Кейбір желі қолданушылары блогердің әзілін түсініп, қолдау білдірген.
Еске салсақ, желіде «Жузефина» атымен танымал блогер осыған дейін кештердің бірінде Құран аяттарын оқығаны үшін сынға қалған болатын. Ол кейін сол қылығы үшін кешірім сұраған.