Главное

Тоқаев жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады

Ерсайын Нағаспаев енді өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Осыған дейін бұл қызметті Қанат Шарлапаев атқарған болатын. Бүгін ол президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне кірісті.

Другие новости

Back to top button