Госорганы
Қырғызстанға 102 мың тонна заңсыз бензин шығарған қылмыстық топ анықталды

Қырғызстанға 102 мың тонна заңсыз мұнай өнімдері экспорттап келген қылмыстық топ әшкере болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
“Қаржылық мониторинг агенттігі Қырғызстанға АИ-92 бензинін заңсыз шығарған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Күдіктілер бензинді еріткіш ретінде рәсімдеп, жалған құжаттармен шекарадан өткізген. «Түрксіб» станциясында 500 тоннаға жуық заңсыз бензин тиелген 8 цистерна ұсталды. 2023-2024 жылдары «Қара Май Ойл» зауытынан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімі экспортталған. Қылмыстық топтың айналымы 15,5 млрд теңгеден асып кеткен”, – делінген ҚМА хабарламасында.
Қазір компанияның іс жүргізіп басқаратын үш қызметкеріне мемлекетаралық іздеу жарияланған