«Еңбек сіңірген қайраткер» атағын ала алмадым»: Нұрлан Еспанов өнердегі өкінішін айтты

Танымал әнші Нұрлан Еспанов өнердегі ең үлкен өкінішін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өнер саласындағы беріліп жатқан атақтардың ешқайсысын алмағанын көрінеді.
“Әлі күнге дейін “Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері” атағын алмадым. Өзімнің ақкөңіл мінезім құртты. Жеке парақшама әзіл саламын. Бір күні жоғары жақтағы ағаммен жолығып қалдым. “Мені 10 жыл алдап келдіңіздер. Құжат жина деп аласыздар да, кейіннен бермей қаласыздар. Сіздер үшін көп дүние жасадым” деп ренішімді айттым. “Парақшаңда ілім алатын салмақты дүние жоқ” деді. Мен айттым: “Ол менің жеке парақшам. Не салсам да өзім білемін. Әзіл айтамын. Жарнама жасаймын. Солай бала-шағамды асырап отырмын. Өмірде мені жақсы танымайды, бірақ сондай әңгіме айтады”, – деді әнші.
Қазақ эстрадасының жұлдызы өзінен кіші әріптестері атақ алып жатқанда мұңайып қалатынын айтты.
“Бір күні өзімнен 10 жас кіші, сахнаға күні кеше шыққан әншілер атақ алып жатқанын көрдім. Тіпті, 30 жас кіші бір жігіт “Мәдениет қайраткері” атағын алғанда ішімнен ренжігенім бар”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, Нұрлан Еспанов әйеліне қойған ауыр диагнозды есіне алған еді.