Улытауская область
Ұлытау облысындағы төтенше жағдай: қаза болған кеншілердің отбасыларына көмек беріледі

Ұлытау облысында төтенше жағдайда қаза болған кеншілердің отбасыларына әкімдік көмек көрсететін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлытау облысының әкімдігінің мәліметінше, кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті қолдаудың барлығы көрсетіледі. Қайғылы оқиғаға байланысты өңір басшысы Дастан Рыспеков көңіл айтты.
«Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай — бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза.
Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ.
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады», – делінген көңіл айту жеделхатында.