Госорганы

«Оған тұрмысқа шығудың керегі жоқ»: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың тізімі жариялана ма

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың картасын жариялау жөніндегі ведомство жоспарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында «Бас прокуратураның үлгісі бойына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапқа тартылғандардың картасы жария етіле ме? Мысалы, отау құратын бойжеткендер ер адамның тұрмыстық зорлық үшін сотталғанын біле алады. Сәйкесінше оған тұрмысқа шығудың керегі жоқ» деген сауал қойылған.

Әкімшілік полиция өкілі бұл ұсынысты қызықты деп бағалады.

«Бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Біз жеке деректер мен мәліметтер бар деп қана айтамыз. Жеке өміріне қатысты құпиялар бар және оны жария ете алмаймыз. Қызықты ұсыныс, бңрақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталғандардың теректерін әзірге жария етуді жоспарлап отырғанымыз жоқ», – деді Зұлхайыров.

Еске салайық, бұған дейін сенатор анна Асанова депутаттық сауал жолдап, жастарды өз бетінше өмір сүруге дайындау мақсатында мектеп бағдарламасына өмірлік дағдылар бойынша курстар енгізуді ұсынды. Ол отбасыдағы жанжал мен зорлық-зомбылықты жастардың “тұрмыстық өмірге дайын” болмауымен байланыстырған еді. 

Другие новости

Back to top button