Главное

«Мәссаған»: Ақан Сатаевтың экс-әйелі лесбиянка болып кетті ме

Танымал кинорежиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайы, фильмдерге түскен актриса Назира Бақаеваның 32 жастағы әйел адаммен түскен суреттері мен видеолары жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актрисаның TikTok парақшасында Dori.nessa аккаунтындағы әйел адамды белгілеп, фонына әнші Диана Исмайылдың «Сені кездестіргелі» әнін қойған.

Ал желі қолданушылары екеуінің көңіл жарастырып жүргенін жарыса жазды.

«Олар махаббат болып жүрген жұп», «Мамасына ұқсамайды, тұрыстары, өлең олай емес сияқты», «Не болып кетті», «Мәссаған», «Еркектен жәбір көрген бе? Неге қызды таңдаған?», «Миым қорытпай отыр, шын ба?», «Неге қыз бен қыз жұптары көбейіп кетті. Қорқынышты, қазақтың тұқымы құрып кетпесе болды ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

Сол сияқты желі қолданушыларының біріне Назира Бақаеваның жауап бергенін байқауға болады.

«Бұл бұрынғы күйеуіне әдейі жасаған ісі сияқты. Назира ажырасқанын ауыр өткерді, қанша дегенмен ұзақ жыл өмірін күйеуіне арнады. Ал ол жас қызбен бақытты өмір сүріп жатыр. Назира енді ешкімге керек емес болып қалғандай», — деп жазды желі қолданушысы.

Оған Назира Бақаева жауап ретінде былай дейді:

«Бөтен адамдардың өміріне алаңдамаңыз. Өз өміріңізді сүріп жүре беріңіз», — деп жазды Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайы.

Актрисаның көңіл жарастырып жүрген делінген бейтаныс әйелдің парақшасында жасы 32-де екенін және Назира Бақаевамен +18 жанрында түсірген видеосын көруге болады.

Айта кетейік, Назира Бақаева 1992 жылы әнші Мейрамбек Бесбаевпен бірге «Алғашқы махаббат» фильмінде басты кейіпкер Әйгерімнің рөлін сомдаған.

Ақан Сатаев пен Назира Бақаева 2020 жылы ажырасып кеткені хабарланған.

Другие новости

Back to top button