Алматы

Алматы метросындағы қайғылы оқиғадан кейін жаңа қоршау пайда болады

Алматылық метро қауіпсіздікті арттыру үшін уақытша қоршаулар орнатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Алматы метрополитені» КМК-не сілтеме жасап.

ЕКІ ФУНКЦИЯ

«Райымбек батыр» станциясында метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылды. Олар екі негізгі қызмет атқарады: жолаушылар үшін қорғаныс құралы және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта бұл қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексеріліп жатыр. Барлық қажетті сынақтардан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылатын болады.

Сонымен қатар, метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулардың да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда олардың алынатынын атап өтті.

— Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруге әрдайым ұмтылады. Бұл шешім автоматтандырылған платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейінгі уақытша шара болып табылады. Барлық жұмыстар кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, бюджет қаражатын тартпай жүргізілуде, – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

УАҚЫТША ШЕШІМ

Айта кетейік, уақытша қоршаулар вагондар арасындағы кеңістікті жабуға арналған және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім. Автоматтандырылған платформалық есіктерді (screen doors) орнату процесі көп уақытты қажет етеді, өйткені жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша қоршаулар орнатылып жатыр.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Еске салайық, былтыр 10 желтоқсанда Алматыда метроның “Абай” станциясында 26 жастағы жігіт рельске құлап, мерт болды.

Метрода 26 жастағы көзі нашар көретін ер адам рельске құлаған. Оқиға болған сәттегі видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеодан куәгерлердің вагонды итеріп, оны шығарып алмақ болғанын көруге болады. Полиция мен жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жетті. Алматы метрополитені қайлығы жағдайды растады.

Оқиға салдарынан көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт көз жұмды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.

Ведомство болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізді.

Другие новости

Back to top button