Выбор редакции

Мамандық ауыстыру: сұранысқа ие 10 жұмысшы мамандығы

Еңбек нарығы әрдайым қарқынды дамуға бейім. Сол себепті әлі күнге дейін «мінсіз мамандықты» табудың идеалды формуласы ойлап табылған жоқ. Басқару мен маркетингтегі жаңа трендтердің енгізілуіне байланысты белгілі бір мамандықтарға деген сұраныс өзгеріп, түрленіп отырады. Нәтижесінде кейбір мамандықтар нарықтан біржола кетсе, кейбіреулері, керісінше, қарқынды дамып, жоғары сұранысқа ие болады. Ендеше, 2024 жылы HR платформаларында қай мамандарға сұраныс жоғары болды? Қандай мамандықтар тұрақты табыс әкеледі? Қазақстандық маркетплейстерде жұмыс берушілер қай санаттағы жұмысшыларды жиі іздейді? Осы сұрақтардың жауабын OLX.kz хабарландыру сервисінің талдау қызметі ұсынған осы мақалада таба аласыз.

OLX ұсынған статистика мен аналитикалық деректерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының еңбек нарығында негізгі көрсеткіштер төмендегідей болды: жұмыс берушілер «жұмысшы» мамандықтар санаты бойынша 62 000-нан астам бос жұмыс орнын жариялады. Бұл ұсыныстар үлкен қызығушылық тудырып, жалпы қаралым саны 7 892 513-ке жетті, бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Айта кету керек, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі кадрлық әлеуетті дәйекті түрде арттырудың маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты төменде жариялаған мамандықтарға сұраныс артты.

Сонымен, 2024 жылдың ТОП-10 сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары қандай?

OLX мәліметтеріне сәйкес, бірінші орында жүргізуші қызметіне қатысты хабарландырулар тұр. Бұл мамандық бойынша 15 981 бос жұмыс орнына рекордтық 2 117 799 жауап келіп түскен. 2024 жылдың қаңтар айындағы орташа жалақы ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес толық жұмыс күні үшін 325 000 теңгені құрады.

Екінші орынды бөлшек және көтерме сауда сатушылары иеленді. Бұл санаттағы 11 715 бос жұмыс орнына 818 119 жауап берілген. Орташа жалақы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес толық жұмыс күні үшін 300 000 теңге деңгейінде белгіленген.

Айта кету керек, бұл мамандықтарға толық емес жұмыс күні, түнгі ауысым, тұратын орынмен жұмыс, жобалық/уақытша жұмыс, тағылымдама және волонтерлік мүмкіндіктер де қарастырылған. Жалақы жұмыс жағдайына байланысты 80 000 — 350 000 теңге аралығында өзгеріп отырады.

Рейтингті жалғастыра отырып, үшінші орын аспаз мамандығына берілді. Жұмыс берушілер бұл санатта 6 966 бос жұмыс орнын жариялаған, ал оған 525 984 жауап келіп түскен. 2024 жылдың басындағы орташа жалақы 235 000 теңгені құрады.

Төртінші орында әртүрлі жұмыстарды орындайтын қарапайым жұмысшылар тұр. Бұл санатта 6 880 бос жұмыс орны жарияланып, 1 442 299 жауап алынған. Орташа жалақы 249 500 теңге деңгейінде белгіленген.

Бесінші орында тазалық қызметкерлері орналасқан. Жұмыс берушілер бұл санатта 6 437 бос жұмыс орнын жариялап, оған 738 027 адам жауап берген.

Сондай-ақ, бизнес иелері тарапынан сұранысқа ие мамандықтар қатарына жүк тасушы, күзетші, әкімші, сатушы-кеңесші және даяшы кіреді. Бұл санаттар бойынша жұмыс берушілер жариялаған бос жұмыс орындарының саны 2 393-тен 951 395 қаралымға дейін жетеді. Жалақы мөлшері 80 250 — 437 500 теңге аралығында белгіленген.

 

Мінсіз түйіндеме

Жұмыс іздеу барысында дұрыс құрастырылған түйіндеме ұсыну маңызды екенін ұмытпаңыз. Жұмыс берушінің таңдауы көбіне өзіңіз туралы, жұмыс тәжірибеңіз, біліміңіз, мақсатыңыз, кәсіби дағдыларыңыз бен жетістіктеріңіз және сіздің кандидатураңызды бәсекеге қабілетті ететін қосымша мәліметтер қамтылған түйіндеме ұсынған үміткерге түседі.

Таңдау айқын

Аналитикалық деректерге сүйене отырып, 2024 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтарына сұраныстың артқанын көруге болады. Егер сіз әлі тұрақты жұмыс іздеу үстінде болсаңыз, 2025 жыл – құрылыс, өндіріс, логистика және қызмет көрсету салаларындағы кең көлемдегі бос жұмыс орындарын пайдалану үшін тамаша мүмкін

Другие новости

Back to top button