Культура
«Жаныңды шығарамын»: Мерей анасы Мақпал Жүнісовадан қалай қорқатынын айтып, жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)
Қазақ эстрадасының әншісі Мақпал Жүнісова мен қызы Мерейдің архифтегі видеосы тарап, елдің ықыласын оятты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен анамның ақылын тыңдаймын. Ақылын тыңдамасам, анамнан қорқамын. Анам маған қатты айқайламайды. Бірақ «өй, жаныңды шығарамын, таяқ жейсің» деп айтады. Содан қорқамын», — дейді Мерей.
Оның сөзіне Мақпал Жүнісова мен зал ду күледі. Бұл видеоға тамсанып пікір қалдырғандар да өте көп.
«Мерей мен Мақпалға да ұзақ өмір тілейміз. Мақпалдың энергетикасы жақсы. Мамасына тартыпты ғой», — деп жазды олар.
Видео Мерейдің кішкентай кезінде салынса да, желіде тарап миллиондаған қаралым жинаған.