Қазақстанда коммуналдық қызметтер тағы қымбаттайды
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов үкіметте өткен брифингте Қазақстанда электр энергиясына тарифтері «ақылға қонымды шекте» қымбаттайнын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАРИФТЕР ӨСІМІ
Ақылға қонымды шектерде тарифтердің ең төменгі өсімі болады Инвестициялық бағдарлама орындалады, бірақ оған қызмет көрсету мерзімі 20 жылға созылады. Біз барлық есептеуді жасадық. Бұл болжамдар емес, талдауға негізделген тұжырымдар. Өсім аз болады, — деді Қасенов.
ИНФЛЯЦИЯҒА ӘСЕРІ
Вице-министр сонымен қатар тарифтер өсімінің инфляцияға ықтимал әсері туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, есептеулерде бірнеше жүз өнім бар инфляциялық қоржынның құрылымы ескеріледі.
Әр элементтің әсері минималды. Сонымен қатар, бізде төбе бар: егер әсердің белгілі бір шектен асатынын көрсек, онда тарифтердің өсуін шектейміз, – деп атап өтті ол.
ТАРИФТЕР ҚАНШАҒА КӨТЕРІЛЕДІ
Тарифтер нақты қаншаға қымбайтыны жөнінде сұраққа Қасенов бұл бүкіл ел бойынша жүзден астам табиғи монополиялардың әрбір субъектісіне байланысты екенін атап өтті.
200 түрлі тарифтік сан бар. Біз бастапқы тарифті және оны көтеру қажеттілігін қарастырамыз. Біздің есептеулеріміз өсудің өте қалыпты болатынын көрсетеді, — деп сендірді ол.
Бұған дейін Қазақстанның 36 энергетикалық компаниясы электр энергиясына тарифтерді көтеруді сұрап өтініш түсірген еді.