Госорганы
Қазақстанда АЭС салатын елдердің тізімі маусым айында белгілі болады
Қазақстан атом электр стансасын салу үшін қай елдермен жұмыс істейтіні мамыр-маусым айында айтылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС құрылысын тездетуді тапсырған еді. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Azattyq Rýhy тілшісі энергетика министрлігінің өкілінен АЭС салатын елдердің тізімі қашан нақтыланатынын сұрады.
«Президенттің тапсырмасымен министрлік әлеуетті вендорлармен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Сондықтан осы жылдың бірінші жартыжылдығында, мамыр-маусым айларында әлеуетті вендорлар туралы ақпарат болып қалады. Қай елдермен жұмыс істей бастайтынымызды айтамыз», — деп жауап берді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
Ол АЭС құрылысы үшін консорциум құрылатынын тағы бір мәрте растады. Қазір Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Франциямен келіссөз жүріп жатыр.